ҚР СІМ Ресей азаматтарының елге кіру мәселесіне түсініктеме берді

ҚР СІМ РФ азаматтарының ҚР-ға кіру және болу тәртібі туралы мәселесіне түсініктеме берді.

"Қазіргі жағдайда ҚР Мемлекеттік органдары еліміздің қолданыстағы заңнамасын және халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Ресей Федерациясының біздің елге келетін азаматтары санының өсуіне байланысты кейбір қазақстандықтардың алаңдаушылығына орай мына мәселелерді түсіндіру қажет деп санаймыз. Шетел азаматтарының ҚР-ға кіру және болу тәртібі бар, оларды бақылауды ҚР ҰҚК Шекара қызметі және тиісінше ҚР ІІМ жүзеге асырады. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдар штаттық режимде жұмыс істеуде және жағдайды тұрақты бақылауды қамтамасыз етуде", - делінген хабарламада.