«Үш ата» кесенесі аумағында тарихи танымдық конференция өтті

Аталар жолы – иманның кені, тәрбие тірегі, білімнің қайнар бұлағы. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында осындай атаумен тарихи танымдық конференция өтті.

Шара Сыр өңіріндегі тарихи орындардың бірі, ежелгі Оғызкент шаһарының орны болған  «Үш ата»  кесенесі аумағында  өтуде.
Тарихи танымдық шараның мақсаты Шаһ Бүзірік, Шәмші Бүзірік, Қырықсадақ сынды батыр бабалардың өнегелі өмір жолына ғылыми тұрғыдан баға беру, есімдерін дәріптеу, олардың рухына тағзым ету, аталар аманатын жас ұрпақ жадына сіңіру, сондай-ақ, тарихи орындарды  жа  ұрпаққа насихаттау,-дейді қоғам қайраткері Ибрагим Абибуллаев.  
Шарада Үш ата кесенесі мен онда жерленген тарихи тұлғалар жайлы  професорлар Қазыбай Құдайбергенов, Сейітомар Саттаров бастаған  профессор тарихшы ғалымдар баяндама жасайды.
«Туған жерге тағзым» бастамасы аясында жанашыр жандардың көмегімен кесене былтыр күрделі жөндеуден өтіп, жол салынып, электр жарығы тарлыған. Ссондай-ақ, айналасы толық көгалдандырылып, тарихи  орынды тамашалаушылардың келуіне толық жағдай жасалған. Ежелгі Сығанақ пен Оғызкент қалашығы маңында орналасқан  кешен осылайша  Сыр бойындағы ішкі туризмнің тағы бір нысанына айналмақ.