Ақтөбеде қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндірілмек

Ақтөбеде қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндірілмек. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов "КazFeltec" ЖШС құрылтайшысы Әсет Тілеуовпен және итальяндық "Cormatex" компаниясының өкілі Люка Куерчимен іскерлік кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіпорындар Ақтөбеде үй мен басқа да құрылыстарды жылыту үшін қой жүнінен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт салу және іске қосу бойынша консорциум құру туралы келісімге қол қойды. Құрылыс материалдары қылшық жүннен жасалады, қазіргі таңда басым бөлігі оны өңдейтін кәсіпорындардың болмауына байланысты Ақтөбе облысында жыл сайын 3,5 мың тонна ірі жүн сұранысқа ие болмай қалады.