Атырау облысының тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан, деп хабарлайды polisia.kz сайты.


Жол-көлік оқиғасы салдарынан  Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.


Фото: polisia.kz