«AMANAT» партиясы Қ. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXIV Съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды.

«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!», - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.