Ешбір ананы баламен сынамасын

Қазақ радиосының @qazradio.fm тікелей эфирінен әр жұма сайын өтетін “Мың алғыс” хабарына жасөспірім шағында есту қабілеті нашарлап қалған 11 жасар Аружанның анасы, көпбалалы 40 жасар Әсем Шайхымова қатысты. Қызының құлағына естіртетін арнайы құрал /слуховой аппарат/алуға мұқтаждығын айтты.

Осы уақытқа дейін “Мың алғыс” хабарына қатысқа ол, радиотыңдаушылардан түскен қаржы арқылы “қара тізімнен” шығып, көп жылғы несиесі жабылғандығын алғыс айтып, көзіне жас алып, әңгімеледі. Төрт баланың жалғыз асыраушысы болып табылатын ол, күйеуінің екі рет инсульт, бір рет инфаркт алғандықтан жұмысқа жарамсыз екендігін, тілден де қалғандығын айтты.

Ал, жасөспірім қызына, есту қабілетін жақсартатын аппараттың құны 1 млн 200 мың теңге тұратындықтан, оған қоса, жалдамалы пәтерге ай сайын төлеп, балаларды өзі жеткізіп жүргендіктен, халықтың қолдауына мәжбүр екендігін ағыл - тегіл, жылап айтты.

Әсем Шайхымованың Каспий голд телефоны: 8775 340 08 25;

“Мың алғыс” хабарының келесі қатысушылары тікелей эфирге телефон арқылы Қызылорда қаласы мен Абай облысынан байланысқа шықты. Қызылордалық жеті науқас баласы бар - Назерке Кәдірова мен Абай облысы, Ақсуатта баспанасыз жүрген мұқтаж жандарға “Асар” жасап, баспанамен қамтамасыз етіп жүрген Алмас Ахасұлы өздеріне қатысты мәліметті әңгімелелеп, көмек қажеттігін жеткізді.

Қызылордалық көп балалы Назерке Кәдіроваға киім - кешек, азық - түлік, қаржымен көмектесем деген жандарға, телефоны: 8701 334 55 78;
Абай облысы, Ақсуат ауданында, мешіттің бастамасымен қолға алған, "Асаршы" Алмас Ахасұлына көмек қол ұшын беріп, қаржылай көмектесіп немесе азық - түлікпен,басқа да көмекпен қамтамасыз етемін, “Асарласам” деген жандар болса, телефоны: 8 705 572 24 24;

Хабардың жүргізуші - редакторы Ләззат Тиышбекқызы

Бағдарламаның аудио - видео нұсқасы фейсбуктегі “Қазақ радиосының” парақшасы мен сайтында. Сілтеме арқылы өтіп,көруге болады.

https://fb.watch/gK-a-jliqT/

#Мыңалғыс #МыңАлғысХабарыЛәззатТиышбекқызы

#мыңалғысқайырымдылықбағдарлама #қазақралиосымыңалғыс

#қазақрадиосы #қайырымдылық

#қазақралиосымыңалғыс