Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді – ОСК

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барша Қазақстандықтарды құттықтап, ел президентінің ұлықтау рәсімі өтетін күнді жариялады.

"2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді", - деді ол.


«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті халыққа  ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.