Парламент сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді.

«Президент бүкіл электоралдық циклді жариялап қойған. Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Мұны Президент жариялайды. Әрине, сол сайлаудан кейін жаңа Үкімет жасақталады. Нақты мерзіміне келсек, Президент сайлауды қашан жариялайтынын күту керек», - деді Мәжіліс спикері.  



Фото: sputnik.kz