Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға ұзартылды

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ақтауда өткен Zhas Project форумы барысында мәлімдеді.

2022 жылы Жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл жастар үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және табыс табуға жақсы мүмкіндік.