Шетелдік көліктерді тіркеуге 200 мың теңге төлеу қажет – Сенат

Заң аясында биыл 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген автомобильдерді пайдалану және бастапқы тіркеу үшін бір жолғы тәртіппен 200 мың теңге мөлшерінде бірыңғай алым төлеу тәртібі қарастырылған.

"Қабылданған заң инвестиция тартуға және бизнес-ортаны дамытуға қосымша құқықтық жағдай қалыптастырады. Атап айтқанда, жекелеген салаларда қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру арқылы өндірісті ынталандыру көзделіп отыр. Жаңа нормалар еңбекақы қорына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруға арналған шара. Алдағы уақытта осы заң халыққа және бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасы мен деңгейін көтеруге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деді заң жөнінде пікір білдірген Мәулен Әшімбаев.


Фото: zagraninfo.com