Журналистерді қорғау туралы өтініш Президент назарында

Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында. 

«Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды» делінген хабарламада.


Фото: unesco.kz