Дәрігерлер Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Дәрігерлердің айтуынша, 18 адам зардап шеккен.
"18 науқас түсті. Жағдайы ауыр екі адам біздің ауруханаға жеткізілді. Ем-шаралары қолданылып жатыр. Бүгінде олар операция бөлмесінде. Өмірлеріне қауіп төніп тұрғандықтан ота жасалып жатыр", - дейді Мақажанов көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы, МЕАҚ "ҚМУ" хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Берік Төлеубаев.
Еске салайық, жол апаты 25 қарашада таңертең сағат 9:15 шамасында кепірде болған. Полиция мәліметінше, автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Зардап шеккен жолаушылар мен екінші автобустың жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.
Фото: zakon.kz