Екібастұз ЖЭО-дағы апат: Қазіргі жағдай

Түн ішінде 149 көп пәтерлі тұрғын үйдің ішінен 129 үйде, 15 әлеуметтік нысаннан 10-ында жылу берілді.

Қосымша төрт қазандық іске қосылды.

Қазір қалған бес әлеуметтік нысанда, 17 көпқабатты үйде және 3 көп пәтерлі тұрғын үйде жылу беруді қалпына келтіріп жатыр.

Екібастұздық оқушылар онлайн оқуға көшті. Балабақшалар жұмыс істемейді.

Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы 20-25ºС шегінде сақталады.

Қалада сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін қосымша 12 эвакуациялық пункт ашылды.


Фото: baq.kz