Қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтау үшін 1,4 млрд теңге бөлінеді

Мәжілісте талқыланған заң жобасы мақұлданса, қазақы ит тұқымын сақтау және өсімін молайтуға жауапты уәкілетті орган құрылады. 

Орталықтың негізгі құзыретіне асыл тұқымды қазақы тазы мен төбеттің кітабын жүргізу, аталған тұқымдардың стандарттарын әзірлеу және басқа да міндеттер кіреді. Ғылыми ұйымдар уәкілетті орган, ұлттық орталық және кинологиялық қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту үшін мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді.

Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет.


Фото: baribar.kz