Сиқырлы Жаңа жыл- шынайы тілектердің орындалуы

«Ерекше балалардың ата-аналар одағы» РҚБ «Сиқырлы Жаңа жыл- тілектердің орындалуы!» акциясына қатысуға шақырады!

Акция «Ұлы дала - 1000 игі іс» Одағының жалпыұлттық қайырымдылық жобасы аясында басталды.

Акцияны өткізу кезеңі: 10.11.2022 - 22.03.2023 аралығы.

Басты мақсат- мереке қарсаңында балаларға жаңа жылдық әдемі көңіл-күй мен ғажайыпқа толы кеш ұйымдастыру. Сондай-ақ жаңа жылға дейін 1000-нан астам балалардың тілектерін орындау жоспарлануда. Бұл акция биыл бірінші рет өткізілуде.


Алайда, бұл үрдісті тұрақты өткізу қолға алынбақ. Онымен қоса бұл акцияға қолдау білдірушілер қатары күннен күнге көбейіп келеді.

Толығырақ