«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы 16 желтоқсанда эфирге шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы 16 желтоқсанда эфирге шығады.

6 бөлімді тарихи туындыда Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!»  кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамал екеуінің махаббат хикаясы баяндалады. 

Тарихи туынды 16-17 желтоқсан күндері 18:00-де эфирге шығады.