Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын.
Сөйтіп маусым айында үкімет жанынан Бас прокурор Берік Асылов басқаратын Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын.
Бүгін «Ой-түйін» ток-шоуында шетелге заңсыз шығарылған активтердің көлемі, оны елге қайтару жолдары турасында пікірталас өтті.
Спикерлер: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров, Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әлепбек, Казақ технология және бизнес университетінің аға оқытушысы, Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев.
Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...