Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізді. Онда тау-кен металлургия кешенін (ТМК) дамытудың өзекті мәселелері қаралды.


Жалпы, 11 айда өнім шығару көлемі 11,4 трлн теңгеге жетті (өсім 17%).

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты (өсім 14,8%).


Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемде жетекші орындардың қатарында. Осыған байланысты ТМК-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдағы жылдары минералды-шикізат базасын толықтыру, жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында бизнес-процестерді оңайлату және автоматтандыру, базалық металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеуді тереңдету және т. б. бойынша шаралар қабылданатын болады.


Премьер-Министр саланы дамыту жөнінде мемлекет жоспарлап отырған шаралар мен бизнестің сындарлы ұсыныстары алдағы бес жылдық кезеңге арналған салалық тұжырымдамаларда көрініс табатынын атап өтті. Бұл ретте ол нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларды нақты іске асыру уақытын көрсете отырып, белгілеу қажеттігін атап өтті.


Фото: primeminister.kz