2022 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2022 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы қалыпты өсу қарқынын сақтап қалды. Нақты өсім 3,1%-ті құрады.

Нақты сектор (3,2%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы оң көрсеткіштер тұрақты өсудің негізгі факторы болды.

15,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қызмет көрсету секторы 2,5%-ке өсті. Сауда 5%, көлік 4%-ке жуық, байланыс 8%-ке өскен.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,8% нақты өсім көрсетті.

«Жалпы, 2022 жыл күрделі сын-қатерлерге толы болды. Бұл, әрине, экономиканың дамуына өз әсерін тигізді. Әйтсе де, біз бәріміз осыдан белгілі-бір қорытынды шығаруымыз керек. Биыл Үкімет пен әкімдіктердің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылып отыр. Біз Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бар күшімізді жұмылдыруымыз керек. Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мен бастамалары қоғамның сұранысына және ағымдағы сын-тегеуріндерге негізделген. Осы міндеттерді орындау үшін әрбір министрлік пен өңірдің қосатын үлесі аса маңызды», — деді Премьер-Министр Ә.Смайылов.


Фото: 7kun.kz