«Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елдімекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар. Ауа райы болжамына сәйкес, алдымыздағы ақпан айында оңтүстікте ауа температурасы мен жауын-шашын нормадан жоғары болуы мүмкін. Бұл – «айтып келетін апаттың» нағыз өзі. Сондықтан оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтулері керек», — деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Жалпы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстарында су басу тәуекелдері жоғары.
Фото: 24.kz