Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол - композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.