Қазақстандық парашаңғышы Әлем чемпионы атанды

Швецияда парашаңғы және парабиатлоннан өтіп жатқан Әлем чемпионатында спринттік жарыс бойынша сынға түскен отандасымыз Ербол Хамитов 2:44:23 уақытымен мәре сызығына бірінші жетіп, алтыннан алқа тақты.

Күміс жүлде украиналық Тарас Радаға бұйырса, қола медальды бразилиялық Кристиан Вестмайерге еншіледі.

Хамитов бұған дейін 7,5 шақырым қашықтықта қола жүлдегер атанған еді.


Фото: stan.kz