Степногорск қаласында банк бөлімшесі директоры мен кассирдің қомақты қаржыны жымқырғаны жоспарлы тексеріс барысында анықталды.
Облыстық полиция департаменті мәлімдеуінше, күдіктілер шоттарды бұрмалаусыз, ешбір қылмыстық схемасыз 255 миллион теңге көлеміндегі ақшаны 1 ай ішінде кассадан алып шыққан.
Фото: egemen.kz