Бала сатумен айналысқан тараздық медқызметкерлер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы ПД жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады.

Сотқа дейінгі тексеру кезінде Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.


Фото: alataunews.kz