Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігі жүргізушісі мерт болды

24 қаңтарда Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жүк көлігі жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Фото: adyrna.kz