Рудныйда жылу құбыры тағы жарылды

Салдарынан 24 көп қабатты үй және 59 жер үй жылусыз қалған.

«Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды»,- деп хабарлады қала әкімдігі баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 19 қаңтарда Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалған еді.


Фото: i.astanatv.kz