Таразда студенттерден пара алған оқытушы ұсталды

Қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушы қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде қолға түсті.

Күдіктінің бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткені анықталды.

Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Фото: stan.kz