Қостанай облысында жеке үйлердің бірінде өрттен ана мен бала қайтыс болды

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Құсмұрын кентінде 26 қаңтар күні жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде 34 жастағы әйел мен алты жасар ұлының мәйіті табылды. 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткен. Үйден газ баллоны шығарылған.

Оқиға орнында өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


Фото: sn.kz