Әскери борышын өтеуі тиіс 30 мың қазақстандық іздеуде жүр

Былтыр бұл көрсеткіш 37 мыңнан астам адамды құраған.

«Іздеуде жүрген азаматтар саны 30 мыңнан асып жығылады. Бұлар – іздестіруде жүрген, әскерге шақырылуға тиіс 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар. Әскери қызметке ұйымдастыруды жүргізуге жергілікті атқарушы органдар жауапты», - деді Қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Тапашев.


Фото: inform.kz