Батыс Қазақстандағы 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық

Облыс аумағында елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында жол картасы және инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде іс-шаралар кешені өткізілуде.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды сондай-ақ жоспардан тыс қосымша 9 елді мекенде қорғаныс бөгеттерін орнату және нығайту жұмыстары жүргізілді.


3 мыңнан аса адам, 700-ге жуық техника, 69 жүзу құралдары және 265 мотопомпаны құрайтын күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының алдын ала гидроболжамына сәйкес, Утва, Шежін-2, Деркөл, Шаған, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 33 – 96%-ға төмен.


Сондай-ақ, алдын ала гидроболжамға сәйкес, облыс су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарына кіреді.

Облыста бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.


Дереккөз: ТЖМ