"Нарық” хабарының бүгінгі хабары “Жеке бренд қалыптастыру” тақырыбына арналды.
Хабарға түрақты спикер бизнес тәлімгер, инфожобалар менеджері, маркетолог, продюсер Жәнібек Әл-Тарази қатысты.
Қазіргі кезде бизнес дөңгелетіп,табыс табам деген кəсіпкер, мүмкіндігінше жеке бренд қалыптастыруды көздейді. Өйткені заман талабы сол. Тұтынушылардың 82%-ы компанияның бас директорына, не əлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған компанияның басқарушысына сенеді. Солардың 77%-ы компанияның бас директоры мен команданың басқарушысының танымалдығына ғана қарап сатып алады. Тіпті кəсіпқой бизнесмендердің 78%-ы əлеуметтік желімен белсенді жұмыс атқаратын, біршама танымалдылыққа ие компаниялармен ғана жұмыс жасайды.
"Статистикада көрсеткендей, тұтынушының көбісі əлеуметтік желіде жүргізілген жеке бренд пен компанияға көбірек сенім білдіреді ”, - дейді студия қонағы - инфо маркетолог, продюсер Жәнібек Әл-Тарази.
Толығырақ, төмендегі аудиотаспадан тыңдай аласыздар.
Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген жүргізуші - редакторы Ләззат Тиышбекқызы.