Тоқаев Қазақстан агроинновациялық корпорациясына барды

Президент жылына 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын корпорацияның технологиялық процесімен және өнім үлгілерімен танысты.



▪️ Бұл жерде тракторлар, комбайндар, экскаваторлар, шөп шабатын және жинайтын машиналар, тырмалар, тіркемелер, жүк тиегіштер, соқалар және тағы басқа ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады.


▪️ Кейінгі үш жылда 121 миллиард теңгеге 6500-ден астам өнім түрлерін шығарған. Қазір корпорацияда 300-ге жуық адам жұмыс істейді.


Фото: Ақорда