Шетелдегі қазақстандықтар кезектен тыс сайлауына қатыса алады

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылған.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген ел азаматтары дипломатиялық не консулдық өкілдіктерге жүгіне алады.

Дауыс беру 19 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.


Фото: stan.kz