Исламды дәріптеу аса маңызды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды.

«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын»,- деді Президент.


Фото: Ақорда