Сайлау процесіндегі байқаушылар рөлі

Президент айтқан саяси реформалардың қорытынды кезеңі осы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы десек қате айтқандық емес. Саяси дода алдында Орталық сайлау комиссиясы 11 ұйым мен қоғамдық бірлестікті елдегі сайлау учаскелерінде байқаушы болуға аккредиттеді. Байқаушының сайлаудағы басты мақсаты сайлаудың әділ өтуін бақылау және дауыс санауда қырағы болу.

Сайлау процесін бақылайтын байқаушының қандай құқықтары бар? Саяси партиялар арасындағы тартыс шынайы ма, әлде жасандылық бар ма? Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың белгілі бір партияда болуы мажоритарлық тәсілдің нәтижесіне кері әсер етпей ме? Байқаушының міндеттері мен тыйым салынған қандай шарттар бар? Осы және өзге де сұраққа эфир барысында спикерлер жауап берді. Толығырақ: төмендегі аудио/видео материалда.

Спикерлер: Қоғам қайраткері Дос Көшім, «Мұқалмас» тәуелсіз байқаушылар РҚБ төрағасы, заңгер Ғазиза Әмірбекова, «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев.