Студенттер SMS хабарлама арқылы әскери борышын кейінге жылжыта алады

2023 жылдың наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолданады.

«Колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі», – деді Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев.

Еліміздегі колледждерде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алып жатыр.


Фото: den-der.kz