Президент 16 наурызда жұмыс сапарымен Түркияға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға барады.

Іс-шара барысында Ұйымның табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.


Фото: inbusiness.kz