3 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжат қабылдау басталады

Құжаттарды қабылдаудың екінші легі 2023 жылғы 28 сәуірге дейін жалғасады.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Жыл соңына дейін «Болашақ» стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді: 5 маусым мен 7 шілде аралығында және 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Биылдан бастап үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс. Ағылшын тілінде академиялық оқуға түсушілер нәтижесі кемінде 9.0-ден 6.0, ал тағылымдамадан өтушілер нәтижесі 9.0-ден 5.0 IELTS сертификатын ұсынуы керек.


Фото: tengrinews.kz