Мемлекеттік әскери баспана ипотекасы

“Нарық” хабарында бүгін “Мемлекеттік әскери баспана ипотекасы” турасында сөз боды.

Хабарға қатысқан баспана сарапшысы Ерболат Мыңғышпан: «Әскери баспана» бағдарламасы банкте бесінші жыл жүзеге асырылып келеді. Бүгінге дейін 13 378 қазақстандық әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарта алды. Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген әскери қызметші қатыса алады. Биыл әскери қызметкерлер қатарына тағы бірнеше мамандық иелері қосылды.  

Өтініштерді қабылдау туралы және "Әскери баспана" бойынша қандай шарттармен несиеге алуға болатындығын білгіңіз келсе, төмендегі сілтеме арқылы өтіп, радионың сайтында сақталған хабардың аудионұсқасын тыңдаңыз.

Бағдарлама авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.