Бір жылда болған үлкен өзгерістер

️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр 16 наурызда елімізді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды.

Осыған байланысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жолдаудан кейінгі елдегі өзгерістер тоқталды:

✅ Елімізде 1995 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық рефендум өтті. Ата Заңдағы 98 баптың 33-іне түзету енгізіліп. 7 конституциялық заңға, 15 кодекске және 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

✅ Жаңа саяси реформалар қолға алынды. Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы саяси партияның мүшесі бола алмайды. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгерді, олардың өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылды.
  
✅ Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді.

✅ Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. 19 наурызда жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланады.
 
✅ Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы өзгерді. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылды. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына көшті.

✅ Ұлттық құрылтай шақырылып, алғашқы отырысы Ұлытауда өтті.

Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді.


Фото: aikyn.kz