1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Салық сомасын тексере аласыз:

🔻«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электрондық қызметтер» → «Жеке кәсіпкерлік  және жеке тұлғаларға алдағы төлемдер қызметі» сервисінен;

🔻«Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасынан.

Сондай-ақ kgd.gov.kz web-порталындағы салық калькуляторы көмегімен дербес есептеуге болады. Көлік салығын уақытылы төлемегендердің ісі сотқа жолданады.

Көлік салығынан соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғандар, көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар босатылады.


Фото: kaz.orda.kz