Қазақ радиосы «Наурыз - 2023» Халықаралық радиокөпірін ұйымдастырады

Қазақ радиосының тікелей толқынында 20 наурыз күні 10 сағат бойы 8 елдің қатысуымен «Наурыз - 2023» Халықаралық радиокөпірі өтеді.

Радиокөпірге Иранның «Pars Today» ақпарат агенттігінің қазақ тілді радиосы, Түркияның «Turkish Radio and Television Corporation» ұйымы, Әзірбайжанның «Azərbaycan Radiosu», Моңғолиядағы «Қазақ» радиосының өкілдері, Қырғызстанның Қырғыз радиосы және  Өзбекстанның «Узбекистан 24»телерадио арнасы мен Башқұртстанның «Юлдаш» және Татарстанның  «Болгар» радиоарналары қатысады деп жоспарланған.