Қазақстандық салымшыларға өтемақы төлене бастады

Бүгіннен бастап депозиті бар қазақстандықтарға 10 пайыз көлемінде өтемақы төлене бастады.

Мемлекет ол үшін екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 306 млрд теңге аударған.

Сайақы екі күннің ішінде 2 млн 615 мың салымшының шотына түседі.

Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте жатқан ең төменгі сомаға төленеді.

10 пайыздық мөлшерлеме бойынша өтелетін ең жоғарғы сома – 20 миллион теңге.


Фото: zakon.kz