Президент жолдауы: нақты қадамдар алгоритмі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурызда жасаған халыққа жолдауында 10 басым бағыт бойынша саяси өзгерістер бағдарламасы жария етілді.

Бір жыл ішінде соның қаншасы іске асты, қайсысы қазақстандықтардың өміріне, әлеуетіне оң әсер етті деген сауал қоғамда жиі талқыланып келеді. «Ой-түйін» журналистері осы тақырыпты эфирде талқылап, радиотыңдаушы сауалдарына жауап іздеді.  

Спикерлер: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Саясаттанушы Индира Рыстина, Казақ технология және бизнес университетінің аға оқытушысы, Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев.

Жүргізушілер: Азамат Жомартұлы, Жанболат Шәкім.