Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз қызметі хабарлады.