Әлихан Смайылов өз таңдауын жасады

ҚР Премьер-Министрі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Әлихан Смайылов Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.