Елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Қазақстанда 8 272 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Республикада дауыс беру құқығы бар 12 032 550 азамат бар. Бұл туралы орталық сайлау комиисиясы хабарлады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда елорда уақытымен сағат 7.15-тегі жағдай бойынша  өңірде 8272 учаске дауыс беруге кірісуде.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 12 шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 13  учаске дауыс беруге кірісті.

Республикада дауыс беруге арналған 10 223 учаске бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 62 елде 77 учаске бар.

92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08.00-де дауыс беруге кіріседі.

Тізімге енгізілген азаматтардың саны: 12 млн. 32 мың 550.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 12 765 есептен шығару куәлігін берді.