«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасы сенбілік бағдарламалар арасында бірінші орында

Жобаның қазақтілді аудитория арасындағы үлесі 29,8 % болса, жалпы аудиторияда 19,6 % үлеспен ең рейтингті жобалар қатарын бастап тұр.

Бағдарлама әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда  үш күннің ішінде 5 млн 300 мың қаралым жинап үлгерді.

Қазір музыкалық байқаудың «Көрмей таңдай» кезеңі өтуде. Алғашқы шығарылымда сал дертіне қарамастан сахнаны бағындырған 14 жастағы Мөлдір Базарбай көрерменнің ерекше ықыласына бөленсе, жобадан сырт қалған Түркістан қаласынан келген үміткер Асқар Күрешевке тәлімгерлердің бірі Мархаба Сәби авторлық әнін сыйға тартуға уәде берді.

Ұлттық арнаның жаңа маусымға тартуы  - «Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасы әр сенбі 20:40-та эфирге шығады.