Бизнестегі бюрократия қашан жойылады?

Бүгінде мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, мемлекеттік аппарат жұмысын оңтайландыру күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің әрбір жолдауында халықпен кері байланыс орнату үшін «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жетілдіруді айтып келеді. Мұны осы салаға қадам басқан әрбір маман жіті сезінуі керек. Алайда бұл қағидатты қалыптастыруда бюрократиялық кедергілер де жоқ емес. Әсіресе шағын кәсіпкерлікті дамытуда қағазбасталық көп. Осы кедергілерді шешу үшін Мемлекет тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда?

Қазақ радиосының эфирінен өткен «Ой-түйін» ток-шоуында осы мәселе жан-жақты талқыға түсті.  Спикерлер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мухсимов, Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық өңірлік хаб Басқарушы комитеті төрағасының кеңесшісі Мақсұт Утешов, «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-реттеу және бәсекелестікті дамыту департаменті директорының орынбасары Динара Ақынбекова. Толығырақ эфирдің аудио және видео нұсқасында...