«Qazaqstan» телеарнасы Парламенттің алғашқы сессиясын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.

Парламенттің бірлескен палата отырысындағы Президенттің сөзі «Qazaqstan» Ұлттық арнасы мен аймақтық телеарналарда, Корпорацияға қарасты радиоларда тікелей эфирде көрсетіледі.

Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен  𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞 желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі. Мәтіндік трансляция Telegram-арнамыздан жасалады.


Фото: Akorda.kz